Жаңалықтар тізбегі
0

"Елизабеттің күмісі қазақ үшін алтынға бергісіз" – Амангелді Сейітхан

eurosport, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 16:48 eurosport
Әлемге олжа салған Елизабет!

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында ересектер арасында тұңғыш рет "четверной сальхов" тәсілін құламай орындаған Элизабет Тұрсынбаеваның күміс медаліне байланысты белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан әлеуметтік желіде өз пікірін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Елизабет екінші! Ұлықбек ағам-ай, ақындар бықып жатқанда, екінші болсам жаман ба, деген. Біріншінің бәсі жоғары, оны жақсы білеміз. Бірақ, Елизабет Тұрсынбаеваның күміс медалі қазақ үшін алтынға бергісіз. Қазақ үшін ғана ма екен, қазір әлемдік мәнерлеп сырғанауда Алина Загитова мен Евгения Медведеваның алдына түсетін ешкім жоқ. А, ия ешкім жоқ еді. Енді бар!

Біздің – Елизабет! Жапониядағы әлем біріншілігін көрдіңіз бе? Экраннан. Қалай тепті, конькиді біздің қаршадай қыз! Қалай сырғанады! Ол бергі жағы, мұз үстінде қалай биледі! Сальховты қалай орындады! Әуеде төрт айналды ғой! Сол кезде Татьяна Тарасованың үні саңқ ете қалды. "Четверной сальхов!". Бүкіл комментариі осы. Айтты. Айтты да тоқтады. Басқа не дейді енді, баға беріп үлгерді ғой. Ішінен не ойлады екен? Алина мен Евгенияның бірі орындаса ғой деп пе? Бәрі де мүмкін. Этеридің еңбегіне бас иген шығар. Тутберидзе қазір мәнерлеп сырғанаудың тұтқасын ұстап тұр. Алдына барған шәкірт бәрін біліп алады. Оны әрі мұз үстінде тиянақты орындайды. Кез келген жаттығуға ұқыпты қарайды.

Қазір қазақ толық ұғынды ма екен, Елизабеттің қандай биікке шыққанын. Сальховта салған сара жолын ендігілер жалғастырады. Әлем чемпионы да, олимпиада чемпионы да орындай алмаған еді.

Таң атқалы Байтақ ағамен бірнеше рет сөйлестік. Эфирге тікелей қостық та. Сабырлы кісі ғой. «Алланың қалауы ғой», деді де қойды. Қайта келесі жарыстарға дайындық жайында көп айтты. Әлі де шыңдала түсу керектігін тілге тиек етті. Ол да дұрыс шығар. Спорт біткеннің элитасы саналатын мәнерлеп сырғанауда қазақтың бір қызы келесі асқарларға із салса, қуанамыз ғой. Қуанышымыз ұзағынан болсын, ағайын!", деп жазады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: