Жаңалықтар тізбегі
0

Антимитинг! Нұр-Сұлтан атауын қолдайтындар да көшеге шықты

Астана әкімдігінің ресми сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 18:26 Астана әкімдігінің ресми сайты
"Жаңа атауға үйрену астаналықтар үшін қиын. Біршама уақыт өткен соң, бәрі де реттеледі", деп ойлайды С.Цырульников деген кісі.

25 наурызда елорда әкімдігінің алдында Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне арналған мерекелік, қуанышты концерт өтті, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік шараға шығармашылығы Қазақстан астанасының даму тарихымен тығыз байланысты жас әртістер қатысты. Эстрада әртістері, аспаптық жобалар мен би ұжымдары қаланы қайта атауға қолдау танытты. Қалалық алаңда қоғам, мәдениет, спорт сияқты салалардың өкілдері, студенттер, елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акцияға 800-ге тарта адам қатысқан. Сахнада ағайынды Жүгінісовтер, Дос, "Gentlemen" тобы, "Qaz Made" инструменталды триосы, "Di-Art Style", "Рахат Лукум", "Шоколад" топтары, Ақтоты Болышева және Айнұр Әбдиева өнер көрсетті. Келушілерді өзінің әлемдік рекордын елорданың 20 жылдығына арнаған қазақстандық палуан Сергей Цырульников та қуантты. 2018 жылдың шілдесінде Сергей салмағы 37 тонна болатын тепловозды 20 метрге сүйреген. Кеше ол көрермендерге тағы да бірнеше жаттығуды көрсетті.

"Нұрсұлтан Әбішұлы елорданың оның есімімен аталуына лайық. Жаңа атауға үйрену астаналықтар үшін қиын. Біршама уақыт өткен соң, бәрі де реттеледі деп ойлаймын", – дейді С. Цырульников.

Елорданы қайта атауға орай шығармашылық зиялы қауым, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, спорт чемпиондары қолдау білдірді.

"Бүгін біз елорданы Нұр-сұлтан деп қайта атауды қолдау үшін жиналдық. Мен мұны Ұлт көшбасшысының отыз жылдық еңбегінің мойындалуы деп білемін. Мен біздің көп болғанымызды қалаймын", – дейді Қазақ технология және бизнес университетінің студенті, «Астана аруы – 2018» байқауының жеңімпазы Еркеназ Сейфулла.

"Барша астаналықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Қала енді Нұр-сұлтан деп аталатын болды. Меніңше, оның нағыз атауы – осы. Нұр-сұлтан атауында "қалалардың сұлтаны", "шуақты" деген мағына жатыр. "Нұр-сұлтан" атауының өзі де ерекше естіледі. Біріншіден, бұған біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев лайық. Ол осы қаланың және республикамыздың дамуына еңбек сіңірді", – деді М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 18:26

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: