Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Болған мұнда Нұрсұлтан...

Назарбаев кетті. Қазақстан астанасында оны есімі мен арман-қаласы қалды.

Сурет : Filippo Venturi27 Наурыз 2019, 11:34

Қазақстанның тұңғыш және өмірі ауыспайтындай көрінген президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күтпеген отставкасының шуы басылмай жатып тағы бір шулы жаңалық елең еткізді: ел астанасы – Астананың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеретін болды.

Бұл оқиғалардың тым жылдам өрбігені сонша, халық тіпті мардымды қарсылық білдіріп те үлгермеді, деп жазады Lenta.ru.

Таңертең президент лауазымын қабылдаған бұрынғы сенат спикері Тоқаев Астана атауын өзгертуді ұсынса, түске қарай парламент депутаттары Конституцияға тиісті өзгертулерді қабылдап тастады. Астана тұрғындары мен көптеген қазақстандықтар бұл шешіммен әлі дауласып жүр, бірақ дұрыстап қарасақ, бір жағынан Назарбаев мұндай құрметке лайық. Жұпыны райцентрдің "дала маржанына", ертегі-қала, арман-қалаға айналуы Елбасының ерігі еді. Жақын болашақта Астана әлемнің ең заманауи мегаполистерімен бірге бір қатарға тұруға толық құқылы қала болады.

Қазақстан астанасын Алматыдан ел орталығындағы кішкентай Ақмола қаласына көшіру туралы шешімді Назарбаев 1997 жылы қабылдаған. Үлкен құрылыс 2030 жылы аяқталуы тиіс еді, бірақ жаңа астананың қазірдің өзінде Дала Дубайы деген бейресми атағы бар. Қала сәулетінде жапон Кисё Курокава мен ағылшын Норман Фостер сияқты сәулетшілердің еңбегі бар. Қазір қалада халық аздау, Астанада небәрі 800 мың адам тұрады, негізі халық саны 2012 жылы-ақ миллионға жетеді деп жоспарланған.

Советтік ескі қаланың футурустикалық болашаққа қалай өткенін фотограф Филиппо Вентури (Filippo Venturi) өзінің "2030: мегаполистің туылуы. Қазақстанның амбициясы" деген жобасы аясындағы суреттерімен көрсетеді. Оның таңдаулы суреттерін жариялап отырмыз.

Нұржол бульвары

Фото: Filippo Venturi

Ұлттық ғарыш орталығындағы жұмысшылар

Фото: Filippo Venturi

"Астана Опера" директорларының бірі, 21 жастағы Аида Кабиева

Фото: Filippo Venturi

"Ақ Орда" президент сарайының алдындағы гүлзар

Фото: Filippo Venturi

"Астана Опера" колонналарының арасында жүрген қыздар

Фото: Filippo Venturi

Ұлттық ғарыш орталығы

Фото: Filippo Venturi

Ұлттық ғарыш орталығындағы жұмысшылар

Фото: Filippo Venturi

"Атамекен" этно-мемориалдық кешенін полицейлер күзетеді

Фото: Filippo Venturi

Тәуелсіздік алаңы

Фото: Filippo Ventur

Тәуелсіздік алаңының трибунасы

Фото: Filippo Venturi

Хазірет Сұлтан мешіті

Фото: Filippo Venturi

Оркестрдегі екі орыс қызы Астананың 20-жылдығында

Фото: Filippo Venturi

Назарбаев Университет ғимараттары

Фото: Filippo Venturi

Expo 2017 павильонында қыдырып жүрген қыз бала

Фото: Filippo Venturi

Астананың миниатюрасы

Фото: Filippo Venturi


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер