Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында екі адамды ажалдан аман алып қалған полицейлер марапатталды

Тәртіп сақшылары жанып жатқан үй ішінен екі адамды алып шыққан.

Сурет : Алматы облысы ТЖД Баспасөз қызметі9 Сәуір 2019, 15:44

Алматы облысында екі адамның өмірін құтқарған полицейлер ҚР ІІМ ТЖК төрағасының алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 24 ақпанында шамамен таңғы сағат 5-де жол қозғалысын және қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде Алматы облысы Полиция департаменті жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторлары полиция майоры Быков Иван Владимирович, полиция лейтенанты Иманбаев Шыңғыс Қайратұлы және полиция лейтенанты Молдағалиев Айдос Елдосұлы, қызмет атқару барысында Талғар ауданы, Панфилов кенті, Майлин көшесінде орналасқан №3 үйдің шатыры жанып жатқанын байқап, дер кезінде Талғар ауданының өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне, полиция басқармасына және жол-патрульдік полиция батальонының кезекші бөліміне баяндайды.

- Орын алған жағдайды тез бағалап, өртеніп жатқан үйде адамдар бар екендігін және өрт аз уақытта шатырдан тұрғын бөлмелерге өтетінін түсініп, полиция майоры Быков И.В., полиция лейтенанты Иманбаев Ш.Қ. және полиция лейтенанты Молдағалиев А.Е. өз өміріне төнетін қауіпті ойламай, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерін күтпестен үйдің иесі 1935 жылы туған азаматша мен оның 1984 жылы дүниеге келген немересін жанып жатқан үйден алып шықты.
Аталған қызметкерлердің батыл және білгір іс-әрекеттерінің арқасында екі адамның өмірі құтқарылып қалды, - делінген хабарламада.

Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен қайсарлығы мен жанкешті әрекеті және адам өмірін құтқарғаны үшін полицейлер Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық наградасымен марапаттауға ұсынылды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары полковник Тұраров Серікхан Жеңісұлы салтанатты түрде үш полиция қызметкерлеріне Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Беккер Владимир Робертовичтің қолы қойылған алғыс хаттар табыс етті.

С. Тұраров полицейлерге адамдарды құтқарғаны үшін алғыс білдіріп, олардың қиын еңбектерінде табыс тіледі.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер