Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев Тоқаевтың кезектен тыс сайлау туралы шешіміне пікірін білдірді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2019 22:11 Ақорда
Енді бізге партия сьезін өткізіп, алдағы ел Президентінің сайлауына кандидатура шығару керек – Елбасы.

"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысумен кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес қатысушыларына сөзін арнаған Елбасы елдегі соңғы саяси оқиғаларға байланысты партияның алдында бірқатар стратегиялық маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

– Біз өткенде "Nur Otan" партиясының сьезін өткізіп, оның 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Партияның жаңа мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Елде болған оқиғаны бәріңіз білесіздер. Мен мемлекет басшысы қызметінен кетсем де, Партия төрағасымын, Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясында қалдым, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының елдегі ең жетекші саяси күш екенін айтты.

– Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдалана отырып, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Енді бізге партия сьезін өткізіп, алдағы ел Президентінің сайлауына кандидатура шығару керек. Партия аппараты сьезге дайындық жұмыстарын жедел өткізуі керек. Кандидатурамызды шығарғаннан кейін, өз кандидатымыздың Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2019 22:11

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: