Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыдағы жолайрықтар жөнделетін болады

Жөндеу жұмыстары 10 жылдан астам уақыттан бері жүргізілмеген.

Сурет : google.com10 Сәуір 2019, 17:25

Алматы жұртшылығының көпшілігінің өтініші бойынша қаладағы 5 көлік жолайрығының тіреуіш қабырғаларын орташа жөндеу басталады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматының қалалық мобильдік басқармасына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары 10 жылдан астам уақыттан бері жүргізілмеген. Нәтижесінде кейбір жерлерде қыш тақталар құлап, қабырғадан аққан судың ізі қалған.

Жөндеу жұмыстарының аясында тақталар демонтаждалып, қабырағаларды сылақпен өңдеу басталды. Сәуірдің 13-14 қараған түні Саин көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы жолайрықты жөндеу жұмыстары басталады. Болжам бойынша, жөндеу жұмыстары мамырдың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Содан соң Саин мен Жандосов, Саин мен Шаляпин көшелерінің, Әл-Фараби мен Назарабаев, Әл-Фараби мен Достық даңғылдарындағы жұмыстар бсталады.

5 жолайрықтағы орташа жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Көлік жолайрықтарындағы жөндеу жұмыстары кезінде жолдың жүрісі бөлігінің бір жолағын жабу жоспарлануда. Жұмыстар сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, 21:00-ден 06:00 дейін жүргізілмек.

Ал демонтаждалған тақталар білім беру және денсаулық сақтау нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау кезінде пайланылатын болады. Қазір әлеуметтік нысандардан өтінімдерді жинау процесстері жүріп жатыр.

- Қабырғаларды сылақпен өңдеу экономикалық, экологиялық тұрғындан тиімді әрі қауіпсіз. Бұл жолайрықтарды келесі жолы жөндеген кезде шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді, - деді Қаланың мобильдік басқармасындағылар.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге 75 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылатын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер