Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева: Алдағы сайлау халқымыздың даналығы мен кемелдігін дәлелдейді

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2019 16:41 Сенаттың баспасөз қызметі
Президенттік сайлау ел дамуына тың серпіліс, жаңа серпін беретіні сөзсіз.

ҚР парламент сенатының пленарлық отырысында палата спикері Дариға Назарбаева алдағы кезектен тыс президент сайлауына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына мен сенімдімін. Президент Жарлығы қоғамда туындап отырған көптеген сұрақтарға жауап береді. Қазақстандықтар үшін ең қымбат құндылық – бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық тұрақтылық аса қажет. Міне, сондықтан Қазақстан қоғамы Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын заңды түрде қамтамасыз етілуін күтуде, – деді ол.

Назарбаеваның сөзінше, Тәуелсіздік жылдары қазақстандық даму моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін бәрімізге толық дәлелдегені анық.

– Біз барша әлемге экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің айнымас үлгісін кеңінен таныта білдік. Алдағы сайлау біздің халқымыздың даналығы мен көрегендігін тағы да дәлелдейтіні айқын. Президенттік сайлау ел дамуына тың серпіліс, жаңа серпін беретіні сөзсіз. Президент жарлығы осы бағыттағы жұмыстарды қазірден бастап, күрделі проблемаларды кейінге қалдырмай, шұғыл шешуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ол

Сөз соңында ол ең басты міндет – сайлаудың заңды және ашық өтуін қамтамасыз ету екенін жеткізді.

– Құрметті әріптестер! Конституциялық заңға сәйкес сайлау екі ай мерзім ішінде өткізілуі тиіс. Сайлау науқанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткізуге көмектесу біздің абыройлы міндетіміз. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының орны ерекше. Сіздердің жергілікті халықпен және мәслихат депутаттарымен тығыз байланыстарыңыз бар. Халықтың мүддесін қорғайсыздар. Проблемаларын білесіздер. Сондықтан сайлау науқаны әрқайсымыз үшін аса жауапты жұмыстар кезеңі болып саналады. Құрметті депутаттар! Азаматтардың өз еркін ашық білдіруі тәуелсіз Қазақстанның үлкен жеңістерінің бірі. Біздің ортақ міндетіміз – Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын әділ, заңды және ашық өткізуді қамтамасыз ету болып табылады, – деді Назарбаева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: