Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат көлік мәселелеріне қатысты заң жобасын қарады

egemen.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2019 19:56 egemen.kz
Заң жобасы 6 кодекске, 20 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Сенат депутаттары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ұсынған Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасы жолдарда көлік бақылауын автоматтандыру, жолаушыларды және багажды тасымалдау сапасын арттыру, темір жол және теңіз көлігіне тексеру жүргізу тәртібін жетілдіру, көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды арттыру, Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО) аудитінің ескертулерін жою, азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеудің тиімділігін жақсарту, бюджеттік әуе компанияны және ұлттық әуе жүк тасымалдаушысын құру, сондай-ақ басымдыққа ие халықаралық әуе маршруттарын дамыту сияқты бірқатар мәселелерді шешуге және жүйелеуге бағытталған.

Заң жобасы 6 кодекске, 20 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Министрдің айтуынша, көлік құралдарын тексеру негіздерінің нақты тізбесін айқындау арқылы жолдардағы бақылау тәртібін өзгерту ұсынылады. Бұл көлік құралын тоқтатпай-ақ рұқсат беру құжаттарының бар-жоғын тексеруге, көлікті бақылау органдарының көлік құралдарын жаппай тоқтату тәжірибесінен бас тартуға мүмкіндік береді.

"Заң жобасында қазақстандық тасымалдаушыларға шекараға жақын бір облыстың аумағында орналасқан елді мекендер арасында тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру ұсынылады. Бұл түзетуді қабылдау 126 халықаралық маршрут бойынша қосымша шекаралас облыстардағы 300-дей елді мекеннің жолаушыларын тұрақты тасымалдауға жол ашады", - деп атап өтті Роман Скляр.

Бүгінгі таңда жолаушыларды таксимен тасымалдайтындар үшін клиенттердің тапсырыстарын реттейтін интернет-ресурстар баршылық.

Осыған байланысты, Заң жобасында көрсетілген онлайн-сервистердің қызметін заңнамалық деңгейде реттеу ұсынылады. Ол мобильді қосымшаларды тұрақты пайдаланатын заңсыз тасымалдаушыларды шектеуге ықпал етеді.
Техникалық байқаудан өту туралы жалған диагностикалық карталарды беру фактілерін болдырмау мақсатында көлік саласындағы уәкілетті органның мамандандырылған техникалық байқау бағдарламаларына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі құзыретін енгізу ұсынылады.

Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін бөлінбейтін және сұйық жүктерді тасымалдауды қоспағанда, габариттік және осьтік жүктемелер бойынша тиісті нормадан асып кеткен жүгі бар ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне тыйым салу ұсынылады.

Енгізілген түзетулер Халықаралық теңіз ұйымының ұсыныстарын жүзеге асыруға бағытталған.Атап айтқанда, уәкілетті органның құзыреті Халықаралық теңіз ұйымының жаңа талаптарын ұлттық заңнамада іске асыру мақсатында заңнан туындаған актілерді бекітумен толықтырылды.

Кеменің туына байланысты Теңіз порты әкімшілігінің бақылау функцияларына шектеу енгізіледі.

Бұдан бөлек, порттарда қазақстандық кемелерге жеңілдіктер беретін түзетулер ұсынылады. Нәтижесінде, бұл Ұлттық теңіз тасымалдаушысына тасымалдауға неғұрлым бәсекелестік тарифтік ставкаларды ұсынуға және тиісінше жүктерді теңіз арқылы тасымалдау үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Кемелердің порттар акваториясында жүзу қауіпсіздігі деңгейін арттыру аясында пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан кемелер үшін порт тарифтеріне үстеме коэффициенттерін қолдану жоспарланып отыр. Бұл ескі кемелерді пайдалануды шектейді.

Кеме қатынасы шлюздеріндегі ақауларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін материалдар мен қосалқы бөлшектердің қоры мол болуын міндеттеуді енгізу ұсынылады.

Заң жобасы "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым" жаңа ұғымын енгізеді. Бұл 100% мемлекеттің қатысуымен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы дегенді білдіреді.

Министр атап өткендей, Азаматтық авиация комитетінің рұқсат беру және бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің техникалық аспектілерімен байланысты функцияларының бір бөлігі Авиациялық әкімшілікке беріледі. Ал, мемлекеттік саясатты айқындау, заңнан туындаған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, әкімшілік айыппұл салу және тарифтік реттеу сияқты негізгі функциялар Азаматтық авиация комитетінде қалады.

Сонымен қатар, Заң жобасында тасымалдаушылардың қол багажы, багаждың салмағы мен габариттерін өздігінен анықтауға мүмкіндік беру арқылы бюджеттік әуе компанияны (лоукостер) іске қосуға бағытталған түзетулер қарастырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: