Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстандықтар төлем карточкалары арқылы 20 трлн теңгеге жуық транзакция жүргізген

Оның транзакция саны бойынша үлкен үлесін қолма-қол ақшасыз операциялар (64,7%) құрайды, бұл бөлшек төлемдер нарығын дамытудағы оң үрдіс екендігін растайды.

Сурет : pxhere.com11 Сәуір 2019, 14:07

Қазақстанның төлем карточкалары нарығы өсудің оң серпінін көрсетуді жалғастырып отыр. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және "Қазпочта" АҚ 23,4 млн төлем карточкасын шығарған. 2018 жылы төлем карточкаларын ұстаушылар (19 млн адам) оларды пайдалана отырып, 19,9 трлн теңге сомаға 810,2 млн транзакция жүргізген. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Zakon.kz.

Оның транзакция саны бойынша үлкен үлесін қолма-қол ақшасыз операциялар (64,7%) құрайды, бұл бөлшек төлемдер нарығын дамытудағы оң үрдіс екендігін растайды. Қолма-қол ақшасыз транзакцияның жалпы карточкалық транзакция көлеміндегі үлесі 32,0% болды. Бұл ретте 2017 жылмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялардың көлемі 109,5%-ға өсті, ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемінің өсу қарқыны (26,5%) 4 есеге өсті, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда республика аумағында жұмыс істейтін 28 банктің 23-і жеке тұлғаларға арналған интернет/мобильді банкинг қызметтерін ұсынып отыр. 2018 жылдың соңында банктердің интернет/мобильді қосымшаларында 13,1 млн пайдаланушы (5,0 млн белсенді) тіркелген. Бұл пайдаланушылар 2018 жыл ішінде 3,1 трлн теңге сомаға 190,2 млн транзакция жасаған, бұл 2017 жылдың осындай көрсеткіштерінен тиісінше 2,1 және 2,6 есе артық. Сәйкесінше, әрбір үшінші қолма-қол ақшасыз транзакция интернет/мобильді банкинг арқылы жүргізілген.

Осылайша, Қазақстанның төлем нарығын дамытуда төлем қызметтерін жеткізушілердің инновациялық сервистерді қолдану аясын кеңейту және қашықтан қызмет көрсету көлемдерін ұлғайту бойынша оң беталыстар байқалады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер