Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталуда

Ол прокурорларға 25 000 доллар пара беріп, тексеру нәтижесін оң шешпек болған.

Сурет : dknews.kz12 Сәуір 2019, 08:19

Алматының денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновтың ісіне қатысты сот басталды. Ол прокурорларға қомақты көлемде пара берді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, Мусинов былтыр медицина саласына жүргізілген прокурорлық тексерістің нәтижесін оңынан шешу үшін погон таққандарға 25 мың доллар ақша берген. Ал, Мусиновтың өзі бұл айыппен келіспейді.

Алматының денсаулық сақтау басқармасын 1 жылға жуық басқарып, ақыр соңы басы бәлеге қалған Серікбол Мусиновтың құқығын 3 адвокат қорғап отыр. Бірақ олардың барлығы, бірауыздан өздерін сот залында камераға түсіруге қарсылық танытты. Бет-жүзін жария етпеуді қалаған қаланың экс-бас дәрігерінің көңіл күйі жоқ. Тағылған айыптар оны әбден қажытқандай. Тергеу дерегі бойынша, Серікбол Мусинов «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ірі мөлшерде» прокурорларға пара берген. Былтыр тамыз айында құзырлы орган өкілдері денсаулық сақтау саласын, оның ішінде дәрі-дәрмек айналымының заңдылығын тексеруге шыққан. Сол тексерістің нәтижесін оңынан шешу үшін басқарма басшысы пагон таққандарға 25 мың доллар ақша ұсынған дейді мемлекеттік айыптаушы.

"2018 жылдың 20 тамызында басқарманың бөлім басшысы Серікбаев өзінің танысы Фазиевке қоңырау шалып, прокурорлық тексеріс жүргізіліп жатқанын айтады. Фазиев осы кезде Серікбаевқа егер тиісті алғыс білдірсе, тексеріс нәтижесін оңынан шешуге көмектесетін жақсы тынысы барын айтады. Сөйтіп, 14 қыркүйекте Серікбаев қалалық прокуратураның ғимаратына келіп, ондағы қызметкерге басқарма басшысы Мусинов Серікболдың атынан келгенін айтады, әрі тексеріс жүргізіп жатқан 3 құзырлы орган өкіліне 15 мың доллар ақша ұсынатынын жеткізеді", - деді мемлекеттік айыптаушы Айбек Сабырбаев.

Бұдан кейін бөлім басшысы Серікбаев прокурорлық тексерістің 2016 жылдан бастап сол мерзімге дейінгі аралығын қамтитынын естиді. Сөйтіп ол дереу өзінің әріптесі Боранбаевамен ақылдасып, погон таққандарға беретін параның көлімен 25 мың долларға дейін өсіруді жсопарлайды. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, бөлім басшылары бұл ойын Мусиновқа айтып, тікелей соның тапсырмасымен әрекет еткен. Ал, сотталушының өзі бұл айыптардың бірімен де келіспей отыр.

"Мені пара беріп, ауыр қылмыс жасады деп айыптап жатыр. Бірақ, мені мұны жасамадым, менің еш кінәм жоқ", - дейді айыпталушы Серікбол Мусинов.

Мусиновтың қорғаушылары да оның кінәсі жоқ екенін жеткізді және прокурор таққан айыптардың барлығы жалған деді. Сондай-ақ, адвокаттар пара берген бөлім басшыларының қылмыстық қудалаудан құтылып кеткеніне қапаланды.

"Олар сотта тек куәгер болады. Екеуі де кінәсін мойындап, өкініш білдірген соң қылмыстық жауапкершіліктен босады", - дейді С.Мусиновтың адвокаты Рена Керимова.

Бір-бірін айыптап, қызылкеңірдек болған қос тараптың дауына ақырғы нүктені енді сот қояды. Айта кетсек, сот тыңдалымдары енді дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі сайын 3 күн қатарынан өтетін болады. Келесі тыңдалымда сотталушы Мусиновтың өзінен жауап алынбақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер