Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Петропавлда шекарашылар қолдан жасалған алкогольді өнімдерді тәркіледі

Ешқандай құжаттары жоқ өнімдердің жалпы сомасы 457 712 теңгеге бағаланып отыр.

Сурет : pxhere.com12 Сәуір 2019, 11:59

"Петропавл" шекара отрядының "Мамлютка" теміржол көліктерін тексеру бөлімшесінің шекара наряды Петропавловск теміржол бекетінде тұрған "Анапа-Красноярск" бағытындағы № 130 пойызға арақ-шарап тиеліп жатқан сәттің үстінен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ешқандай құжатсыз, 457 712 теңгеге бағаланып тиеліп жатқан 110 шөлмек (220 литр) шараптың, 30 шөлмек (60 л.) коньяктың, 78 шөлмек (156 литр) арақтың, 28 шөлмек (56 литр) мускат шарабының, 14 шөлмек (28 литр) алма шарабының барлығы қолдан жасалғандығы анықталды. Дәл сол жерден пойыз бастығы, 1972 жылы туған Ресей азаматы ұсталды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолдан жасалған алкогольдік өнімдер актіленіп, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер