Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ҚР Қорғаныс министрі Қаспий теңізіндегі жауынгерлік дайындықты күшейтуді тапсырды

Каспий маңындағы өңір еліміз үшін стратегиялық мәнге ие - Ермекбаев.

Сурет : ҚР ҚМ баспасөз қызметі12 Сәуір 2019, 16:45

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев Әскери-теңіз күштері әскери корабльдерінің орналасу пункті мен Ақтау қаласында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық базасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери корабльдердің орналасу пирсына бару барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кораблін, сондай-ақ катерлерді, қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерін, арнайы бөлімшелердің экипировкасын көрсетті.

Сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-дәрежелі капитан С. Бекжанов Мемлекет басшысына Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жай-күйі мен одан әрі дамуы туралы баяндады. Сапар нәтижелері бойынша ӘТК-нің қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті арттыру және Каспий теңізі қазақстандық секторының су айдынын күзетуді күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

ҚР ҚК ӘҚК-нің авиациялық базасында Қорғаныс министрі тікұшақтың апатқа ұшырауы кезінде қаза болған әскери қызметшілерді еске алып, жеке құрамның моральдық-психологиялық хал-жағдайын сұрастырып, авиабазаның командалық, ұшу және инженерлік-техникалық құрамдарымен кеңес өткізді.

"Каспий маңындағы өңір еліміз үшін стратегиялық мәнге ие. Сіздер алдыңғы қатардағы шептесіздер және Сіздерге айрықша міндет – еліміздің әуе мемлекеттік шекарасын күзету жүктелген. Осыған байланысты, теңіз бетінде ұшуларды жүзеге асыру жоғары ұшу шеберлігін, ұшақтар мен тікұшақтардың, жеке құрамның сапалы дайындығын, барлық регламенттердің сақталуы мен жерүсті қызметтердің үйлесімді жұмыс жасауын талап етеді. Ел басшылығы, Қорғаныс министрлігі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Әскери-әуе күштерінің ерекше рөлін түсіне отырып, жыл сайын авиациялық техникаға Қарулы Күштердің қару-жарағы мен әскери техникасын дамыту мен ұстауға бюджеттің 50-ден аса пайызын жұмсайды. Әскери-әуе күштерін жарақтандыруға Су-30СМ заманауи ұшақтары, Ми-35, Ми-171 тікұшақтары, барлау соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары келіп түсуде. Қолданыстағы авиапаркті жаңартумен күрделі жөндеулер жүргізілуде. Сонымен бірге, тапсырылған учаскеде әрбір әскери қызметшіден жауаптылық, ұқыптылық, тиянақтылық қажет етіледі", - деді генерал-майор Н. Ермекбаев.

Кеңес қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік әзірлікті арттыру, авиациялық жүйенің іске қосылуының жоғары сенімділігіне қол жеткізу, ұшу құрамын әртүрлі стандартты емес жағдайларда әрекет етуге оқыту жөнінде нақты нұсқаулар берді және авиабазаның жеке құрамын жаңадан тағайындалған командир подполковник М. Әскетаевпен таныстырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер