Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы қаласы бойынша Құран жарысының іріктеу сайысы өз мәресіне жетті

Сайыс, жарыс талаптарына сай, Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Сурет : Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі14 Сәуір 2019, 18:31

Бүгін, ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы "Бәйкен" мешітінде өз мәресіне жетті.

Сайыс, жарыс талаптарына сай, Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

«Байкен» мешітінің наиб имамы, қари Жолдас Жетпісбаевтың әуезді Құран оқуымен басталған жарысты «Орбита-3» мешітінің наиб имамы Ернар Мәжен жүргізіп отырды.

Жарыстың шымылдығын ашып беру үшін сөз кезегі, ең алдымен, ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлына берілді.

Өкіл имам өз сөзінде Құранның қадір-қасиеті мен бүгінгі ұйымдастырылып отырған Құран жарысының мән-маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ жарысқа қатысушы Алматы қаласының қариларына сәттілік тіледі.

Додалы жарысқа Алматы қаласы бойынша 68 үміткер қатысты. Атап айтқанда, Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша 30 параға – 6 үміткер, 20 параға – 6 үміткер, 10 параға – 27 үміткер, ал мәнерлеп оқу бойынша – 29 үміткер өзара бақ сынады.

Қариларымыз қас қарайып, құптан намазы кіргенше тамылжыта Құран оқып, көрермендердің құлақ құрышын қандырып, жандарын илаһи нұрға бөледі.

Құран жарысының іріктеу сайысына төрелік еткендер – ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы, «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр қари Жұмабаев, Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре, Алматы қаласы Орталық мешітінің азаншысы, Серік қари Полатханұлы және Қарағайлы мешітінің бас имамы Бахтияр қари Қыдырбекұлы болды.

Тартысты өткен бәсекеде 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған қариларымыз Ұмра қажылығы мен қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жарысқа қатысқаны үшін басқа қариларымызға да тарту-таралғылар жасалды.

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша

І орын – Қартабаев Саламат (Ұмра қажылығы)

ІІ орын – Құрмет Нұрмұхамбетұлы (150 000)

ІІІ орын – Абдулқодыр Ғалымұлы (120 000)

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша

І орын – Абишев Қуаныш (120 000)

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша

І орын – Абжаппар Махмут (75 000)

ІІ орын – Юров Исмаил (50 000)

ІІІ орын – Сейдулла Али (35 000)

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша

І орын – Базарқан Қайнар (50 000)

ІІ орын – Исмаилов Мухамадали (35 000)

ІІІ орын – Рафиқтегі Фаруқ (20 000)

Жоғарыдағы 4 номинаия бойынша жүлделі І орын иегерлері 2018 жылдың 26,27,28-күндері Алматы қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысына жолдама алды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер