Жаңалықтар тізбегі
0

Оны айтпаймын – Елбасымен жасырын кездескен телепаттың сұхбаты

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2019 18:45 YouTube
Болашақты жиі болжай алмаймын. Кейде ғана. Ойын нәтижелерін дәл табамын.

"Алматы мен Астанада бірнеше рет болдым. Елбасымен кездескенім рас, және бір емес бірнеше кездесу болды. Не үшін екенін айта алмаймын, бұл құпия кездесулер еді", дейді Израильдік әйгілі телепат, менталист Лиор Сушард Ләйля Сұлтанқызының The Эфир бағдарламасында берген сұхбатында.

Сізді көрген адам бірден менің ойымды оқып беріңізші деп мазалай ма?

Жиі сұрайды. Жыныма тимейді, бірақ біртүрлі сұрақтар қойып жатады. Мысалы, қандай нөмірлі лотерея жеңеді дегендей. Мен лотереялық нөмірдің қайсысы түсетінін білмеймін, мен тек адамдардың ойындағысын оқимын, компьютерден шығатын нөмірлерді емес. Адамдарға осыны түсіндіруге тырысамын. Мен маг, экстрасенс емеспін. Мен менталистпін. Адамдардың ойлау негізін білемін. Мен мұны Құдайдың берген сыйы, туа біткен және жылдар бойы өзімде қалыптасқан қабілеттердің қосындысы деп айтар едім. Өзіммен жұмыс істеймін, өзімді жаттықтырамын. Мен қолданатын техникалардың барлығы – өзім шығарған концепциялар.

Болашақты болжай аласыз ба?

Болашақты жиі болжай алмаймын. Кейде ғана. Ойын нәтижесін, Мәскеу баскетбол командасының, Австралиядағы крикет ойындарының нәтижесін болжадым. Бірақ жиі жасай бермеймін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: