Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда ондаған тұрғынды алдап соққан алаяқ әйел ұсталды

oooarsenal.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2019 20:14 oooarsenal.ru
Ол шамамен 1,5 миллион теңгені иемеденіп кеткен.

Тергеушілер Түркістан облысының 40 тұрғынын "құрығына ілдірген" алаяқ әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдарын сотқа жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz өңірлік Полиция департаменітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 2019 жылы наурызда Түркістанның Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз әйелдің өзінің сеніміне кіру арқылы 30 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін айтып арызданған. Әлгі әйел оған мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша субсидия алып берем деп уәде еткен. Аталған дерек ҚР ҚК 190 - "алаяқтық" бабы бойынша СТБЕ тіркелді. Алаяқтық дерегі бойынша осы сияқты арызбен полицияға облыс орталығының ондаған тұрғыны хабарласқан.

- Түркістан облысы ПД криминалды полициясының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізуі нәтиджесінде күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғынын ұстаған. Полицейлердің анықтауынша, алаяқ әйел субсидия алуға немесе жұмысқа орналасуға көмек көрсетем деген желеумен, жәбірленушілерді алдап-арбау арқылы олардың қаражаттарын иемденіп кетіп отырған. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтықтық бойынша 41 дерекке қатысының барлығы анықталды. Ол жалпы сомасы 1,5 миллион теңгені қойынға басқан, - деп хабарлап отыр облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша жиналған сот алды тергеу материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді.

Түркістан облысының полиция қызмектерлері алаяқтардың арбауына тап болмас үшін азаматтарды өте мұқият болуға және таныс емес адамдарға аса қатты сене бермеуге кеңес береді. Сізге күдікті ұсыныстар жасайтын, оның ішінде телефон арқылы хабарласатын жақын таныс емес адамдармен байланысқа түсуге болмайды, Егер сіз осы сияқты қылмыстың куәгері немесе құрбаны болсаңыз бірден полицияның 102 телефон нөміріне хабарласыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: