Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісайлық диқандар алғашқы өнімдерін ала бастады

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2019 22:21 otyrar.kz
Алғашқы терімнен жиналған 20 тонна өнім Ресей мемлекетіне жөнелтілді.

Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары биылғы алғашқы өнімін ала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Атамекен ауыл округінде қаңтар айында егілген қырыққабат жиналып, Ресейге экспортталуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері алғашқы егістік алқапта болып, шаруалардың жай-күйімен танысты.

Жетісайлық диқандар биылғы шаруашылық жұмыстардың нәтижесі табысты басталғанын айтуда.

"Біз қырыққабатты қаңтар айының 10 күні ектік. Жабындыны доға етіп жаптық. Арнайы дәрумендерін бердік. Қазір 40 адамнан астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Қырыққабаттың келісі 210 теңгеге бағалануда. Бұл жетісайлықтар үшін рекордтық баға. 3 гектар жерге 80 мың түп Кевин және Фараон көшеттерін отырғыздық. Алғашқы терімде-ақ 20 тонна өнімді Ресей мемлекетіне жөнелтіп отырмыз", – деді "Ықылас" шаруа қожалығы төрағасы Араб Рәтов.

Биыл ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды. Қазірдің өзінде 40 мың гектар жер тырмаланып, 25 мыңнан астам гектар жер қопсытылды. Биыл аудан бойынша 45 мың гектарға мақта шитін себу көзделген. Мамандар биыл жанар-жағармай мен тыңайтқыштардан тапшылық болмайтынын айтуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: