Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергендігі қалай анықталады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2019 20:11 Zakon.kz
Бұл сұрақ лингвистикалық комиссияның отырысында шешілді.

2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лингвистикалық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 27 ақпандағы қаулысына өзгерістер енгізумен жаңартылды.

Комиссия мүшелері Комиссияның жұмысына қатысты ұйымдастыру мәселелерін, "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі туралы" Ортсайлаукомның 2005 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен айқындалатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімін талқылады.

Осы қаулыға сәйкес мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін:

1) лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыпқа көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу;

2) лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі үш беттен аспайтын баспа мәтінін оқу;

3) лингвистикалық комиссия берген тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйлеу кемінде он бес минут.

Лингвистикалық комиссияның отырысына оның мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттан басқа, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері байқаушылар ретінде қатысуға құқылы.

- Лингвистикалық комиссияның шешімі комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, отырыс хаттамасымен ресімделеді және отырысқа қатысып отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесіне дереу беріледі, - деп хабарлап отыр ОСК.

Лингвистикалық комиссия мүшелері Комиссияның жұмысы ашық және жариялы түрде жүзеге асырылатынын, ал бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың әрқайсысы бойынша шешім қабылдау процесін байқауға мүмкіндік алатынын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: