Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та атыс нәтижесінде сегіз оқушы ауруханаға түсті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2019 15:42 pixabay.com
Барлық оқушылар мектеп аумағынан автобустармен шығарылған.

Американың Денвер қаласындағы мектепте болған атыстың нәтижесінде сегіз оқушы аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Хайлендс Рэнч ауданындағы STEM білім беру мекемесінде орын алған. Дуглас округінің шерифі Тони Сперлоктың айтуынша, бірнеше оқушы ауыр халде жатқан көрінеді. Ол сондай-ақ, екі күдіктінің ұсталғанын атап өтті. Олар да оқушылар екен.

Білім беру мекемесінің ғимаратында үшінші атқыштың болуы мүмкін екендігі хабарланып отыр. Барлық оқушылар мектеп аумағынан автобустармен шығарылған.

2018 жылы наурыз айында Флорида штатының сенаты жергілікті мектептердің бірінде оқушы атыс шығарған соң, адамдардың жаппай қырылуының алдын алуға бағытталған мектептердегі қауіпсіздік туралы құжатты бекіткен болатын. Аталған оқиғаның нәтижесінде 17 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: