Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тәртіп сақшысы Азия чемпионы атанды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2019 15:48 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Азия чемпионатында әлемнің 12 мемлекетінен 77 спортшы кімнің мықты екенін анықтаған.

2-4 мамыр күндері Тай елінің астанасы Бангкок қаласында ММА ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионаты өтіп, облыстық Полиция департаменті қызметкері полиция аға лейтенанты Мади Досмұхаметов чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Азия чемпионатында әлемнің 12 мемлекетінен 77 спортшы кімнің мықты екенін анықтаған. 83,9 килограмм салмақта еліміздің намысын Алматы облысы Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Мади Досмұхаметов қорғады.

Алғашқы қарсыласы Үнді елінен келген спортшыны алғашқы раундтың үшінші минутында тұншықтыру әдісімен жеңсе, Бахрейннен келген қарсыласын да бірінші раундтан ары асырмады.

"Жеңіс күні" мерекесі қарсаңында Мадидің шыққан биігі тек біздің бөлімшенің ғана емес, барлық полицейлердің, еліміздің жеңісі деп санаймын. Мадидің жеңісі – қызметкерлердің бірлескен дайындығының, жігері мен намысының нәтижесі. Чемпион әріптесіміз елге аман-есен оралды, жақын күндері қоғамдық тәртіпті қорғаудағы өзінің міндеттерін орындауға кіріседі",- деп атап өтті Алматы облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жетекшісі Медет Қамалбеков.

Бүгін М. Досмұхаметовке халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. Өз кезегенде, облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы еліміздің намысын қорғап жүрген жүлделі қызметкерін шын жүректен құттықтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: