Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Бұл қызметке полковник Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы жайғасты.

Сурет : ҚР ҚАЖК баспасөз қызметі8 Мамыр 2019, 14:51

8 мамыр күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі Қанатбеков Д.Т. Комитеттің жеке құрамына өзінің бірінші орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғұмбаевтың бұйрығымен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып әділет полковнигі Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы тағайындалды.

Жәнібеков Т.Н. 1970 ж. Түркістан облысында туған (бұрынғы ОҚО), жоғары заң білімі бар.

ҚР ішкі істер органдарындағы қызметін 1995 жылы ОҚО әл-Фараби Ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінде тергеушінің көмекшісі болып бастаған.

Еліміздегі пенитенциарлық жүйеде 2002 жылдан бері қызмет етеді.

Әр жылдары Ақмола, Алматы қаласы және Алматы облысы, ОҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде, сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінде басшылық қызметтерді атқарған.

2013 және 2016 жылдары аралығында ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болды.

2016-2019 жылдар ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ Экстремизмге қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер