Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Апта басы тұрақсыз ауа-райымен басталмақ

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Сурет : pxhere.com13 Мамыр 2019, 09:21

Синоптиктер 13 мамыр күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағы онтүстік циклонның ықпалында болады, осыған байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, онтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, кей жерлерде найзағай күтіліп, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батысында – тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанда, Павлодар облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 18 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер