Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы "Жасыл" технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 21:00 Ақорда
Елбасы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына озық технология енгізу және осы салаға инвесторлар тарту мәселелеріне баса мән берді.

Нұрсұлтан Назарбаев "Жасыл" технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын аралады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Орталықтың "жасыл" экономиканы дамыту және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы мәлімделді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жел, күн, су және геотермальды ресурстардың әлеуеті, қатты тұрмыстық қалдықтар мен биомасса полигондарының орналасуы туралы ақпаратты қамтитын цифрлық алаңның үлгісі таныстырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 21:00

Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына озық технология енгізу және осы салаға инвесторлар тарту мәселелеріне баса мән берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 21:00

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңартылатын энергия көздері саласындағы перспективті әзірлемелерімен танысты.

"Жасыл" технологиялардың және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Астана – ЭКСПО-2017" көрмесінің инфрақұрылымы негізінде 2018 жылғы сәуір айында құрылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: