Жаңалықтар тізбегі
0

Ата-аналардың төлқұжатына балаларының суреттері жапсырылмайтын болады

б/қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 23:28 б/қызметі
Қазір ІІМ 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен бірге шетелге шығу кезінде фотосуреттерін олардың төлқұжаттарына жапсыру талабын алып тастау бойынша еліміздің заңнамаларына түзетулер енгізуде.

Қазақстанда биометриялық төлқұжаттарды беру (электронды чиппен) 2009 жылдан басталды. Ана-аналардың төлқұжатына балалары туралы қолмен енгізілген жазбада биометриялық мәліметтер болмайды, сол себептен шекарадан өту кезінде проблемалар туындап, кей жағдайда азаматтар кері қайтарылып жатады, деп хабарлайды Zakon.kz ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем бойынша құжаттық-визалық бақылаудан өткізу, жеке басты анықтау шаралары жетілдірілуде және биометриялық мәліметтері бар құжаттар (цифрлы фотосуреттер, саусақ таңбалары, көздің шатырша қабығының кескіні және т.б.) енгізілуде.

Қазақстандықтар көп баратын елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ, Италия, Испания, Франция, Чехия, Словения, Хорватия, Греция, Венгрия, Польша, Германия, Швейцария, Швеция, Қытай, Оңтүстік Корея және басқалары) сол мемлекетке ата-аналарымен келген балалардың төлқұжаты болуы міндетті. Ал ата-ананың төлқұжатына балалардың фотосуреттерін жапсыру құжат ретінде мойындалмайды.

Ата-аналардың төлқұжатына фотосуреттерді жапсырудан бас тарту бірінші кезекте шет елде қиын жағдайда тап болуы мүмкін балаларды қорғауға және оларды шетелге заңсыз тасымалдау тәуекелдеріне байланысты болып отыр. Балаларға төлқұжат тек шетелге шыққанда ғана қажет, республика аумағында оның жеке басы тууы туралы куәлікпен, үлкен азаматтар жеке куәлігімен расталады.

Қазір жазғы демалыс жақындап келеді. Осыған байланысты ІІМ шетелге баруды жоспарлаған ата-аналарға басқа мемлекеттің шекарасынан еркін өту үшін өздерімен баратын балалардың төлқұжаттарын күні бұрын рәсімдеуге кеңес береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: