Жаңалықтар тізбегі
0

Өткен мейрам күндері 3 бала суға батып кетті 

VistaNews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2019 15:51 VistaNews.ru
Суға шомылу маусымы басталмай жатып-ақ су қоймаларында жасөспірімдердің өлімі тіркеліп жатыр.

Өткен мереке күндерінде ғана үш жасөпірім суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің айтуынша, 9 мамыр күні Қызылорда облысында Жаңақорған ауданының Бірлік ауылына жақын жердегі Шұқырсай көлінен жергілікті тұрғындар 1999 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мүрдесін алып шықты.

11 мамырда Қызылорда қаласына тақау жердегі Қараөзек арнасына суға түскен 14 жастағы бала батып кетті. Оның мүрдесін ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты.

"11 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында Талғар өзеніне суға түскен 2003 жылы дүниеге келген жасөспірім батып кетті. Жасөспірімнің мүрдесін ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары шығарып алды. Суға батып кеткен жасөспірімдердің барлығы суға түсуге арналып жабдықталмаған жерде шомылған. Ондай жерде суға түсуге қатаң тыйым салынады", - деді Н.Нұрахмет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: