Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева Дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысымен кездесті

Сенаттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2019 20:56 Сенаттың баспасөз қызметі
Тараптар ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысына дайындықты талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысы Мартин Юнгемен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Д.Назарбаева Астана форумына тұрақты түрде қолдау көрсеткендері, атап айтқанда, дінаралық Съезд бен оның жұмыс органдарының жұмысына тұрақты қатысқаны үшін лютеран федерациясы өкілдеріне алғысын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2019 20:56

Сенат басшысы жүздесушіге еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Конфессияаралық және өркениетаралық үнқатысуды дамыту орталығы құрылатыны туралы хабарлады. Бұл орталық діни көшбасшылардың Астана саммитінің мақсаттары мен міндеттерін халықаралық аренада ілгерілету және форумды институттандыру ісіндегі маңызды құрал болады. Дариға Назарбаева лютерандарға орталықтың жұмысына қосылуды ұсынды.

Тараптар ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысына дайындықты талқылады, онда келесі Съездің және Діни лидерлер кеңесінің өтетін күні мен күн тәртібі белгіленеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2019 20:56

Дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысы дінаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі ерекше тұғырнамаға құрғаны үшін Қазақстанға алғысын жеткізіп, Астана форумын одан әрі қолдау жөніндегі ниетін білдірді. Ол сондай-ақ Дүниежүзілік лютеран федерациясының жұмысы мен жоспарлары, атап айтқанда босқындарға қолдау көрсету, Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық туралы хабардар етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: