БҚО-да екі мектеп оқушысы суға батып кетті

20 Мамыр 2019, 10:38
Сурет: pixabay.com

Суға шомылу маусымы әлі басталмасада БҚО-да тек мамыр айының ішінде төрт адам суға батып кетті, оның екеуі бала, деп хабарлайды Zakon.kz "Караван" басылымына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 13 мамыр күні Тайпақ ауылында 2008 жылы туған бала Орал өзеніне ағып кеткен. Ал 17 мамырда Қаратөбе ауылында 6 сыныптың оқушысы Қалдығайта өзеніне батып кетіпті. 15 мамыр күні Бәйтерек ауданына қарасты Макаров ауылында 24 жастағы ер адам Шаған өзенінде шомылып жүріп ажал құшқан.

Қайғылы оқиғалардың себептері анықталу үсітнде, қажетті сараптамалық жұмыстар да тағайындалған.

ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға көбене адамдардың өздерінің кінәсінен - өзіне деген аса қатты сенімділіктен орын алап жататын көрінеді. Департаменттегілер сонымен қатар қандай жағдайда суға шомылуға болатыны жайлы да ақпарат берді. Судың температурасы 18°-ден 20°-қа дейінгі аралықта болған жағдайда 6-дан 15 -қа минутқа дейін шомылу қажет.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?