Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Түркістан облысында жұрт лас судан ауруға шалдығуда

Уран кеніштеріне жақын орналасқан ауылда жер асты сулары ауылға тікелей беріледі.

Сурет : pxhere.com21 Мамыр 2019, 09:50

Түркістан облысында 4 мыңға жуық адам таза тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Созақ ауданындағы уран шығаратын кен орындарына жақын Құмкент пен Қызылкөл ауылдарында, халық жер астынан шыққан суды тазартпай ішуге мәжбүр. Ал бюджеттің миллиондарына қойылған тазартқыш құрылғы жұмыс істемей жатып істен шығып қалған. Лас судан халық жаппай ауру да болдық дейді.

Созақ ауданындағы жапсарлас жатқан Құмкент және Қызылкөл ауылдары тіршілік көзінен тарылғанына 7-ші жыл. 2008 жылы қос ауылға билік "Ақбұлақ" бағдарламасымен 350 миллион теңге бөліп, әр ауылға жеке құдықтан қазып беріпті. Су жинап, елге тарататын жүйе де салынған. Алайда оны тазалап отыратын сүзгі бір күн істесе, бірнеше айға істен шығады дейді жұрт.

Созақбай Асқанбеков, Құмкент ауылының тұрғыны:

- Себебі, басында 65 метр тереңдікте қазылуға тиісті құдық болатын. Осы жерде істеген ауыл жастарының айтуына қарағанда бұл максимум 35 метр тереңдікте ғана қазылған. Құмкент халқының 65 пайызы бүйрегі ауырады. Себебі, олар ащы суды пайдаланып отыр.

Уран кеніштеріне жақын орналасқан ауылда жер асты сулары ауылға тікелей беріледі. Ал, ауыл іргесінің бәрі қазылып карьерге айналып, жер асты суы шығып жатыр. Оған түрлі қоқыспен бірге техникалық қалдықтар тіпті өлекселер де тасталады екен. Алайда оған қарап жатқан жан жоқ дейді ауылдағылар.

Нұрлан Лепесбаев, Құмкент ауылының тұрғыны:

- Бұл ауылда таза су қағаз жүзінде бар. Таза су жоқ. Сапасы сын көтермейді, ішуге де болмайды. Жер астынан бірден сорып, оны тазаламай оның ішіндегі бактерияларды өлтірмей оны халыққа қалай береді?

Жұрт шенеуніктердің келуін талап еткен соң, мұнда аудандық су шаруашылығының басшысы жеткен. Бірақ ол келе сала "неге жиналасың, телеарнаны шақыртқан кім" деп жұрттың өзіне дүрсе қоя берді. Тілшілерден қашқақтаған Ғазиз Нышанбаев қос құдықты салу жоспарын 67-ші жылғы жобаға сәйкес сала салғанын, содан таза су шықпай қалғанын мойындайды. Әзірше бар қолдан келері сапасыз құдыққа сүзгі қою ғана дейді.

Ғазиз Нышанбаев, "Шолаққорған-су" МКК басшысы:

- Бір фильтр көп болса 9 миллион тұрады. 18 миллион теңге таппадыңыздар ма, екі фильтрге?

- Енді оған жауап бере алмаймын.

- Хат жазып жатырмын. Болды, осы жауабым.

Аудандағы басшылардан тұшымды жауап ести алмай, әбден запы болдық деген тұрғындар мәселенің облыс деңгейінде шешілетініне де сенбейді. Өйткені сан мәрте жазылған арыз Созаққа қайтып келіп, ауданнан аспапты. Сондықтан жұрт бұл жайтты елордалық комиссияның тексеруін талап етеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер