Жаңалықтар тізбегі
0

Қалаға сырттан кіретін көлікті шектеу керек пе – Байбек не дейді

zakon.kz/Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2019 23:08 zakon.kz/Золотухин
Қала маңындағы жолаушылар тасымалы Алматының бірыңғай көлік жүйесінің бөлігі болуы тиіс.

Күн сайын Алматыға қала маңынан 275 мыңға жуық автокөлік қатынайды. Соның салдарынан көлік инфрақұрылымына және қала экологиясына үлкен қысым түсуде, деген мәлімдеме жасады қала әкімі Бауыржан Байбек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімнің ойынша, облыстан қалаға кіретін жеке автокөлікті шектеу дұрыс емес.

– Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары талап ететіндей, облыстан келетін жеке көлікті қыспаққа алу дұрыс емес. Біріншіден, бәріміз бір елдің азаматтарымыз. Екіншіден, қозғалыстың балама түрін құру қажет. Қала маңына жақын орналасқан аудандар тұрғындарының көпшілігі Алматыға келіп жұмыс істейді. Сондықтан біздің басты міндетіміз – сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету. Бұл бағытта біз жүйелі шараларды іске асырудамыз, – деді әкім.

Байбектің сөзінше, қала маңындағы жолаушылар тасымалы Алматының бірыңғай көлік жүйесінің бөлігі болы тиіс.

– Мысалы, бүгін Жетісу ауданын аралағанымда Боралдай, Ақсеңгір, Шамалған және Жангелді елді мекендерін қамтитын теміржол бағытындағы жылжымалы құрамды қарап шықтым. Жолаушылар ағынының артуына байланысты жергілікті бюджет есебінен қосымша субсидиялау арқылы осындай вагондар саны мен қатынау жиілігін арттыру туралы шешім қабылдадық. Бұл маршрутты алматылықтар негiзiнен пайдаланбайды, бірақ экологияны жақсарту және көлік кептелісін азайту үшін біз бұл жұмысты күшейтетін боламыз. Қала маңындағы жолаушылар тасымалы Алматының бірыңғай көлік жүйесінің бөлігі болуы тиіс. Бұл барлығына, ал бірінші кезекте, қалалықтарға ұтымды болмақ, – деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: