Жаңалықтар тізбегі
0

2018 жылы Қазақстанда 400 мыңдай бала дүниеге келді

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 16:43 pxhere.com
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында.

2018 жылы Қазақстанда жаңа туған 397799 бала тіркелді, оның ішінде қалалық мекендерде – 235014 адам, ауылдық – 162785 адам, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Туғандардың 51,6% (205224) ер балаларды және 48,4% (192575) қыз балаларды құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады.

2008 жылмен салыстырғанда туғандар саны 11,6% (ер балалар – 12%, қыз балалар – 11,1%), қалалық мекендерде – 19,4%, ауылдық мекендерде – 1,9% артты.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2018 жылы 21,77 (2008 жылы – 22,75) туғандарды құрады, қалалық мекендерде – 22,16 (2008 жылы – 23,63), ауылдық мекендерде – 21,22 (2008 жылы – 21,75) құрады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 16:43

Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 туғандар), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкент қаласында (27,53) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында көрініс тапты.

Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2018 жылы 2,84 құрады және 10 жыл ішінде 6,0% өсті, тиісінше қалалық мекендерде – 2,68 және 1,9%, ауылдық мекендерде 3,09 және 10,8%.

Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Түркістан (4,07), Маңғыстау (3,91) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,76) мен Қостанай (1,77) облысында байқалды.

2018 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,7 жасты (2008 жылы – 28,1) құрады, қалалық мекендерде – 29,0 (2008 жылы – 27,8), ауылдық мекендерде – 28,3 (2008 жылы – 28,4).

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 29,6 жасты құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: