Елордада ғаламтор арқылы алаяқтық жасаған Қостанай тұрғыны ұсталды

22 Мамыр 2019, 15:56
Сурет: bestnews.kz

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері ғаламтор арқылы алаяқтық жасаған Қостанайдың 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдікті kolesa.kz сайтына автокөліктердің қосалқы бөлшектерін жариялап отырған. Ер адам бөлшектердің суреттерін бөтен хабарландырулардан көшірген.

- Ол жапа шегушілермен сұқбаттасу барысында, тауарды мекен-жай бойынша апарып беруге уәде еткен, бірақ ақшаны 100% төлеп, алдын ала банк картасына аударуды сұраған. Айта кетерлігі, аталған карта басқа бір адамға тиесілі екен. Келісім бойынша жапа шеккен адам ақшаны аударған, артынша күдікті хабарламаны алып тастап, телефон нөмірін сөндіріп тастап отырған, - деді полиция өкілдері.

Қазіргі таңда ұсталған азамат қылмысын мойындап, оған қатысты ҚР ҚК 190 (Алаяқтық жасау) бабының 2 бөліміне сәйкес сот алды тергеу жүріп жатыр.

Елорданың Полиция департаменті ғаламтор арқылы сатып алушыларға осы сияқты сауданың түрі күдік тудырса, алдын ала төлем талабы бойынша ақша төлемеуге кеңес береді. Төлемді тек тауарды алғаннан кейін ғана жасау қажет. Сатушыдан сатылымға шыққан тауарды жан-жағынан суретке түсіріп жіберуін немесе видео қоңырау шалуын сұраңыз. Егер сатушы қандайда бір сылтау айтып, мұны жасаудан бас тартса онда бұл өтірік сауданың бір белгісі деген сөз.

Аталған дерек бойынша зардап шеккендердің саны бұдан көп болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жапа шеккендер болса Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі 19) хабарласуын немесе 8 (7172) 71-62-91,71-63-35 және 102 телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?