Жаңалықтар тізбегі
0

Италиядағы жол апатынан 9 қазақстандық зардап шекті

твиттер @TgrRaiToscana, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2019 15:04 твиттер @TgrRaiToscana
Сиена провинциясында автобус жол апатына ұшырады.

Қазақстанның тоғыз азаматы Италияда орын алған жол-көлік оқиғасында жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР СІМ-не сілтеме жасап.

Жарақат алғандардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Тағы төртеуі дәрігердің қарауынан кейін ауруханадан шығарылды. Олар отельде орналастырылады.

Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде омыртқасы, жамбасы мен қабырғасы сынғандар бар. Дәрігерлер жақын арада оларды толық тексеруден өткізіп, ары қарай емдеу бойынша кеңестерін береді.

Отандастарының басы-қасында қазақстандық дипломат жүр, ол қажетті көмектің бәрін жасауда. Жарақат алған азаматтардың туысқандарына хабар берілді.

Қазақстандағы Италия елшілігімен байланысу үшін +390636301130 телефон нөміріне хабарласуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: