Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әйгілі Марадона полицияға ұсталды

Полицейлер Марадонаның қолына бұрынғы көңілдесі Росио Оливаның сотқа бергені туралы қағазды ұстатқан.

Сурет : iz.ru23 Мамыр 2019, 09:50

Аргентиналық Диего Марадона Буэнос-Айрес әуежайында полиция қызметкерлеріне ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Марадона полицейлердің оның қолына бұрынғы көңілдесі Росио Оливаның сотқа бергені туралы қағазды тапсыру үшін тұтқындалған. Ол аргентиналықтан 6.3 миллион доллар талап еткен. Жұп алты жылдай берге болған.

Марадона Аргентина астанасына Мексикадан ұшып келді. Ол "Дорадос де Синалоа" клубында жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Маман сәуір айында командадан кетуге дайын екенін және мүлде футболмен қош айтысатынын хабарлаған болатын.

Марадона "Дорадос" клубын 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап басқарды. 2011 жылдан 2018 жылға дейін Сауд Арабиясында жұмыс істеді, ал 2008-2010 жылдар аралығында Аргентина құрама командасына басшылық етті. Марадона жетекшілік еткен тұста Альбиселесте 2010 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен болатын.

Ал ойыншы ретінде Марадона "Барселона" мен "Наполи" командаларында көрсеткен ойындарынан белгілі. Ол 1986 жылы ұлттық команда құрамында әлем чемпионы атанды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер