Жаңалықтар тізбегі
0

Билікке жағынып, елді азғырып. Әншілер жағымпаз, сатқын халық па

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2019 22:11 pxhere.com
Өздерінің туалетке барғанына дейін мақтануымен халықты желіктіріп, аздырып, қалтасын қағып тынды.

"Əншілерден асқан жағымпаз, сатқын халық жоқ. Жүйеге ең көп қызмет жасайтын да осылар", деп пайымдайды әлеуметтік желідегі белсенді сарапшы Бекболат Қаржан.

Оның ойынша, қазіргі әншілердің елге жасаған зияны шаш-етектен келді. Халықты желіктіріп, аздырып-тоздырып, қалтасын қағатын да солар дейді.

– Жүр қазір қайрат-пайраттар далақтап, билікке қызмет жасап. Бұлар елдің дауысы да, қаржысы да, баласының болашағы да, елдің қазынасы тоналса да биліктің жезөкшесі болды. Бұлардың елге жасаған зияны шаш етектен болды. Өздерінің мақтанымен, туалетке барғанына дейін халықты желіктіріп, аздырып, тоздырып, қалтасын қағып тынды. Сонымен бірге елді өтірік əнмен, фонограммамен тонауға атсалысты. Өзім тыңдайтын санаулы ғана салмақты əншілер бар, қадірімен жүретін. Қалғаны қоқыстар, – деп ашынады ол.

Ол қазір тіпті "әншілер дегенде халықтың қан қысымы көтерілетін болып кетті", деп қосады.

– Сөздің ашығына салсаң, қалай ойласаң да бұлардың басым бөлігі сатқындар мен опасыздар. Халқың қандай болса, билігің де, əншің де сондай. Дәл қазіргі кезде әншілер десе елдің қан қысымы көтеріліп кететін жағдайға жетті, – деп түйіндейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: