24 мамыр күні Қазақстанның кейбір аймақтарында үсік болады

24 Мамыр 2019, 10:04
Сурет: news.bigmir.net

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республиканың тек орталығы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, түнде жел кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан асып түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, түнде жел кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, таңертең жене күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең жене күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Атырау облысынын кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, таңертең жене күндіз Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарынын кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанда облысының кей жерлерінде 1 градус, Шығыс Қазақстан облысында 3 градус үсік сақталады.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?