Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Cалықтық рақымшылық – мүмкіндікті жіберіп алмаңыз

Түзетулерді қабылдаған жағдайда рақымшылыққа 1 390,0 мың адам жатады.

Сурет : ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті24 Мамыр 2019, 15:09

ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша, елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүруде, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша 37 150 салық төлеуші салық бересін өтеді, олар бойынша 1,9 млрд. теңге сомасындағы өсімпұл және 98,7 млн. теңге сомасындағы айыппұл есептен шығаруға жатады.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субъектілерінде өтелмеген салықтық берешегі болған, олардың бересі сомасы 210,4 млрд.теңге, өсімпұлдар – 122,9 млрд.теңге, айыппұлдар – 7,4 млрд.теңгені құрағанын атап өткен жөн.

Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынына назар аударамыз, осыған байланысты, шағын және орта бизнес субъектілеріне жиналған қарыздардан құтылу және мемлекеттік кірістер органдарымен қойылған барлық шектеулердің күшін жою мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша жеке тұлғамен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару жолымен жүргізілетін алдағы салықтық рақымшылық туралы жеке тұлғалар – салық төлеушілердің назарына жеткіземіз.

Салықтық заңнамаға сәйкес түзетулер қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қарастырылуда.

Түзетулерді қабылдаған жағдайда рақымшылыққа 1 390,0 мың адам жатады, оларға 13,9 млрд.теңге сомасында бересіні төлеу шартын орындаған кезде 7,0 млрд.теңге өсімпұл есептен шығарылатын болады.

Семинардың екінші блог сұрақтары камералдық бақылау жүргізудің кейбір аспектілерімен байланысты.

Салық кодексінің 96-бабына сәйкес, хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, салық төлеуші анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз және (немесе) электронды тасушыда түсінік ұсынады, сонымен қатар, осы түсініктер ұсынылуы мүмкін болмайтын бірқатар жағдайлар бар, және хабарламаны орындалмаған деп тану мерзімдері мен хабарламаны орындалмаған деп таныған шешімге әрі қарай шағым беру сұрақтарына аса көңіл бөлінеді.

2019 жылдың 31 мамырында 10 сағ.00мин. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиевтің қатысуымен семинар өткізіледі.

Семинардың барысында Қазақстан Республикасындағы салықтық рақымшылықтың көкейтесті сұрақтары, сондай-ақ, камералдық бақылаудың кейбір өзекті мәселелері көтеріледі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер