Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздық жас жігіт: "Zhas Project жобасы арқылы мен мақсатыма бір қадам жақындадым"

Zhas Project Жастар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2019 16:31 Zhas Project Жастар
Осындай бастамашыл жастардың қатарында Тараз қаласының тұрғыны Мышбаев Абзал бар.

Республикамызда 2017 жылдан бері іске асырылып келе жатқан Zhas Project Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде еліміз бойынша мыңдаған жастар өз кәсібін дамытып қана қоймай, Қазақстанның әлеуметтік саласын қолдауға ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосты.

Осындай бастамашыл жастардың қатарында Тараз қаласының тұрғыны Мышбаев Абзал бар. Ол бауыры Абылайханмен бірлесіп, өз өңірінде баспа өнімдерін шығару, мектеп оқушыларына полиграфиялық материалдар дайындау және ағаш өнімдерін әзірлеу жобасын қолға алған.

- Осал топтағы жастардың бастамаларына қаржылай қолдау көрсету және осы арқылы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында құрылған жобаға қатысуыма себепкер болған туған інім - Абылай. Яғни, жаңалықты ести сала, Тараз қалалық Zhas Project жобасының филиалына келіп, өтініш бердік. Жобамыз тіркеліп, бағалаудан өткен соң үш кезеңдік оқытудан өттік, -дейді Абзал.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2019 16:31

Жас жігіттердің айтуынша, жобаға қатысудағы негізгі мақсат тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылардың балаларына, яғни оқушыларға көмек көрсету болған. Олар оқушылардың полиграфиялық, графикалық білімдерін және компьютерлік сауаттылықтарын жақсартып қана қоймай, толыққанды игеруін қамтамасыз етуді көздеген.

Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру барысында Абзал мен Абылайхан көмекшісі Жанармен бірігіп, біршама іс-шаралар атқарған. Оқушыларға күнделікті сабақ жоспарларына: рефераттар, шығармалар мен баяндамалар жазуда және басқа да көптеген іс-шараларды орындауда көмек қолдарын созған. Мектеп қамтамасыз ете алмаған оқулықтар мен дәптерлер баспадан басып шығарылды. Ұтып алған грант қаражатын олар полиграфия саласына қажетті техникамен құрал-саймандарға, компьютер, принтер, электростеплер, лазерлік аппарат алуға жұмсаған. Жоба барысында құттықтау хаттар мен ағаштан жасалған бұйымдар жасалынды. Бұл өнімдерді өндіру барысын ағайынды Мышбаевтар мектеп оқушыларына да үйреткен. Жоба мерзімі аяқталған соң да, жас жігіттер кәсіптерін жалғастыруда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2019 16:31

- Менің кәсіпкер ретіндегі қадамым мемлекет тарапынан барынша қолдау тауып, кәсібінен нәсіп тапқан еңбекқор жастардың қатарына қосылуға мұрындық болған Zhas Project жобасының ұйымдастырушыларына және мемлекеттің сарабдал саясатына өз ризашылығымды білдіремін. Zhas Project жобасы арқылы мен мақсатыма бір қадам жақындадым, - дейді Абзал Мышбаев.

Zhas Project Жастар корпусын дамыту жобасы туралы толығырақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: