Жаңалықтар тізбегі
0

"Сенікі емес, менікі". Нұр-Сұлтанда 30 отбасы өз үйінен айырылуы мүмкін

VHN Notarissen, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2019 17:57 VHN Notarissen
Соттасып жатқан екі жақтың бірі қалай болған күнде миллиондаған ақшаға сатып алған пәтерінен айрылғалы тұр.

Елордада отызға жуық отбасы далада қалайын деп тұр. Өйткені сатып алған үйлері екінші рет заңсыз саудаланған көрінеді. Енді үйді сатып алған екі тарап бір-бірімен соттасып жүр. Оларды осылай дауластырып қойған құрылыс компаниясының басшылары болса түрмеде отыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

40 жыл мұғалім боп, зейнетке шыққан Роза апай Тараздағы бүкіл дүние-мүлкін сатып, елордаға ұлының қолына көшіп келген. Мына үш бөлмелі пәтерді 2016 жылдың басында толық бітпеген күйінде сатып алып, ішін түгел өздері жасатқан. Жалпы шығыны 20 миллионнан асты дейді. Үйдегі 7 адам енді рахатын көре бастағанда сау етіп біреу суыт хабар әкепті.

Роза Байдуанова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Нотариус бұл үйдің бұған дейін сатылған сатылмағанын, кепілдікте тұрған тұрмағанын тексердік. Бүкіл жерден анықтамасын алды. Нотариус содан кейін бізбен келісімшарт жасады. Үйдің бірін реттеп қажетті дүние-мүлікті орын-орнына қойып отырсақ, бір күні "үй менікі" деп бір әйел келіп тұр. Келіп тұрған кісінің қолында 2012 жылдан бері сол пәтердің иесі екенін растайтын құжаты бар екен.

Роза апай секілді опық жеп қалған "Аниса" тұрғын үй кешені тұрғындарының саны өздерінің айтуынша, 29. Бәрі де бір-бір құшақ құжат ұстап алып, пәтердің шын қожайыны екенін дәлелдей алмай жүр.

Ырысты Естияр, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Оның келісімшартының бірінші парағы жаңартылған. Кешіріңіздер, пәтердің құжатының бірінші бетін жыртып алған. Оның үстіне олар 2012 жылы сатып алған пәтерлерін. Сонда 2016 жылға дейін қайда жүрген?

Оларды соңғы 3-4 жыл қатарынан әбігерге салып отырған мына топ. Олардың айтуынша, үй жарна ретінде осы кісілердің ақшасына салынған. Бұлардың да қолдарында растайтын құжаттары жеткілікті. Үйіне төлеген миллиондары түбіртек күйінде әлі сақтаулы. Тек үй бітуге шақ қалғанда құрылыс салушы басшылар бірнеше пәтерді басқа біреулерге сатып жіберген. Сондықтан кінәні бізден емес, құрылысшылардан іздеу керек дейді.

Әсел Әлиева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Бізбен соғысқа шыққан сияқты. Прокуратураға барып қайта-қайта менің үстімнен іс қозғасын деген өтініштер жазып жатыр. Бұның барлығы адамды қажытады, шаршатады. Олардың жауы мен емес қой. Мен емес олардың пәтерін екінші рет сатқан.

Олар он адам бірігіп алып, бір адвокат жалдаған. Жалпы үй бірінші қожайындардың жарна ретінде жинаған ақшасына салынған, оны растайтын құжаттары бар дейді адвокаты. Құрылыстың мұндай түрі заңда рұқсат етілген.

Айман Жұмабекова, адвокат:

- Мәмілелерді кез келген уақытта жасауға болады. Ол үйді салуға рұқсат оған қажет емес. Жер бөліну қажет емес. Өйткені, заң бойынша мұндай мәмілелер жасалып, ақша жиналады. Жерді сатып алып үйді салуға қаражат жинау үшін заң бойынша рұқсат етілген.

Осыған дейін өткен 3-4 сот шешімі үйді 2012-2013 жылдары сатып алғандардың пайдасына шешілген. Ал пәтерінен айрылғысы келмеген екінші топ енді жоғарғы сотқа бармақ.

Жалпы, "Аниса-1" – қаладағы проблемалық тұрғын үй кешендерінің қатарына жатады. Соттасып жатқан екі жақтың бірі қалай болған күнде миллиондаған ақшаға сатып алған пәтерінен айрылғалы тұр. Далада қалса салған ақшасы да көзден бұлбұл ұшады. Өйткені, оларды қырқыстырып қойған құрылыс компаниясы басшылары 6-8 жылға сотталып кеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: