Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының полицейлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруде

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2019 22:09 otyrar.kz
Тәртіп сақшылары кемшіліктерді анықтаған жағдайды, тәртіпке сай акт түзеді.

Түркістан облысы Отырар ауданының полицейлері террористік әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту мақсатында тексеру жұмыстарын жандандырып келеді. Осы мақсатта Отырар АПБ-нің қызметкерлері аудандағы нысандарды түгелімен тексеріп, кемшіліктерді анықтауға бағытталған бірқатар кешенді шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Мәселен, Отырар ауданындағы базарлардың бірін тексеру барысында полицейлер көптеген кемшіліктердің орын алғандығын байқады. Яғни,террористік тұрғыдан осал обьектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғыларының, басқаруды бақылау жүйесі, сондай-ақ мамандандырылған күзеттің жоқтығы секілді кемшіліктерді анықтады. Оған қоса аталған нысанның иесі техногендік сипаттағы қауіптерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен әрекеттерді пысықтау шараларын өткізбеген.

Тәртіп сақшылары осындай кемшіліктерді анықтаған соң, тәртіпке сай акт түзді. Кәсіпкердің нысанындағы анықталған кемшіліктер бойынша жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес, аудандық сотқа тиісті шара көрілуі үшін жолданды. Нәтижесінде, Отырар аудандық сотының шешімімен шағын кәсіпкерлік иесіне 505 000 теңге мөлшеріндегі айыппұл салынды.

Айта кетейік, облыс полицейлері жарылғыш құрылғыларға ұқсас бөгде заттарды, пакеттерді, күмәнді заттарды тауып алған жағдайда ерекше көңіл бөлу керектігін айтады. Күмәнді заттарды бірден ұстауға, өздігінен ашуға, басқа жерге ауыстыруға және оны бір нәрсемен жабуға, сондай-ақ затқа жақын ұялы байланысты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салады. Өз өміріміздің қауіпсіздігін өзімізден бастайық!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: