Жаңалықтар тізбегі
0

"Нестеватр" – екі алматылық енді әйнек үйде өмір сүрмек

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2019 22:22 instagram
Олардың шынымен де не істеп жатқанын тәулік бойы қалаған адам көре алады.

Қазақстанда "Нестеватр" деген ерекше шоу – әлеуметтік эксперимент басталмақ. Оны кез-келген адам 24/7 режимінде көріп қана қоймай, оны дамытуға да атсалыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Панфилов және Жібек Жолы көшелерінің қиылысында әйнектен жасалған үй тұрғызылды. Оның ішінде "Нестеватр" жобасының екі қатысушысы тұратын болады. Олардың шынымен де не істеп жатқанын тәулік бойы қалаған адам көре алады, олардың тыныс-тіршілігі Salem Social Media каналдарында тікелей эфирден көрсетілмек. Трансляция 5 маусымда басталады.

Бұл – ерекше онлайн-эксперимент деседі. "Нестеватр" деген жай ғана шоу емес, әлеуметтік жоба екен. Мақсаты – Қазақстан мен бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын көрсету.

"Әйнек үй – лайк үшін өздерін әлеуметтік желіде танытатын адамдардың мысалы. Қатысушылар бұл жобаға өз күшімен өте алмайды, оларға көрермендердің көмегі қажет болады. Әлеуметтік желі арқылы біріккен қатысушылар көрермендермен бірге барлық тапсырмаларды орындай алады. Өйткені әлеуметтік желі жастар үшін әлемге ашылған басты терезе болып кетті", - дейді жоба ұйымдастырушылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: