Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы облысында жол апатынан бір отбасы қайтыс болды

Ауруханаға жеткізілген әке мен қызы да қайтыс болып кетті.

Сурет : zakon.kz28 Мамыр 2019, 17:11

Алматы облысында орын алған жол апатынан ешкім тірі қалмады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ауруханаға жеткізілген әке де, қызы да 27 мамырда таңертең қайтыс болып кетті, ал шешесі жол апаты болған жерде жан тапсырған. 6:30-да қыз көз жұмды, кейінірек әкесі де кетті, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Жол апаты 26 мамырда Алматы – Өскемен тас жолының 95-ші шақырымында орын алған. Қапшағай тас жолында тойдан қайтып келе жатқан туыстар екі көлікпен келе жатқан. Көліктердің бірі – Lexus RX 300-дің ішінде бір отбасы болған: күйеуі, әйелі және қызы. Көлік рөлінде әйел отырған.

Екінші көліктегі туыстарының айтуынша, мәшине кенет сол жақтан оңға қарай кілт бұрылып, жол жиегіндегі бағанаға соғылды.

Одан кейін автокөлік бірнеше рет аунап барып, аударылған күйі тоқтады. Нәтижесінде 1974 жылы туған көлік рөліндегі әйел қайтыс болып, күйеуі мен қызы ауыр жағдайда Қапшағай ауруханасына жеткізілген болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер