Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жол бойында тұратын полиция бекеттері жойылады

Ол бекеттердегі полиция қызметкерлері үшін жаңа жұмыс орындары дайын тұр, ешбір полицей жұмыссыз қалмайды.

Сурет : Arnapress.kz28 Мамыр 2019, 17:23

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди елдегі трассалардың бойындағы стационарлық посттардың көзін жою қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.

– Ішкі бекеттер біртіндеп қысқарып, сыртқы шекарадағы бекеттер ғана қалады. Шамамен 300-дей қызметкер күшейтуді талап ететін басқа қызметтерге ауыстырылады, – деді Алексей Калайчиди.

Ал бекеттер тұрған үйшіктер басқа мақсатта кәдеге жаратылатын болады.

– Ол бекеттер қонақ үй ретінде беріліп, кризистік жағдайларда жылыну үшін пайдаланылады. Қалаларға кіріп-шығатын жерлердегі бекеттер де біртіндеп жабылады, – деп атап өтті Калайчиди.

Оның сөзінше, ол бекеттердегі полиция қызметкерлері үшін жаңа жұмыс орындары дайын тұр, ешбір полицей жұмыссыз қалмайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер