Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Біздің қарым-қатынастарымыз әрдайым жақсы болады - Лукашенко

Екі мемлекет басшылары кездесу өткізді.

Сурет : Ақорданың баспасөз қызметі29 Мамыр 2019, 09:25

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президентіне ілтипат білдірді және олардың бұл кездесуі, Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан деп аталғаннан кейін, бірінші рет өтіп отырғанын айтты.

– Біз сіздің қызметіңізді мұқият бақылап, еліңізді дамытудағы зор жетістіктеріңізді айтып отырамыз. Сіз Президент лауазымында ұзақ жылдан бері қызмет етіп келесіз және мемлекетіңіздің беделі мен әлеуетін нығайту үшін бар мүмкіндікті жасап жатырсыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Александр Лукашенко дәстүрлі түрде жылы қарсы алғаны және кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Беларусь басшысы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін ерекше атап өтіп, елімізде болып жатқан ішкі саяси үдерістерге оң баға берді.

– Біздің қарым-қатынастарымызға келер болсақ, ол әрдайым жақсы болады. Сіздермен бірге ынтымақтастығымыз нақты бағыттар бойынша ілгерілей беретініне күмәнім жоқ, – деді А.Лукашенко.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардағы, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер