Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бейсенбі күні еліміздің орталығы мен солтүстігінде жаңбыр жауады

Алайда, елдің алты аймағында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сурет : gismeteo.ua30 Мамыр 2019, 09:21

Синоптиктер 30 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша республиканың басым бөлігі жоғары қысым аумағының әсерінде болады. Соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр жауады. Республиканың кей аймақтарында найзағай, тұман, жел күшейіп, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, дауыл күтіледі.

Жамбыл, Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ал, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер