Жеткіншектің үстіне футбол қақпасы құлап, бас сүйегі сынды

30 Мамыр 2019, 13:03
Сурет: Маңғыстау облыстық ДС басқармасының баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында 12 жасар балаға футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды Zakon.kz өңірдің Денсаулық сауқтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 29 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Қарақия ауданының Жетібай ауылынан Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде ауыр жарақатпен 2007 жылы туған бала жеткізілген. Оған бас сүйегі негізінің сынуы, сол жақ маңдай-шеке сүйегінің сынуы және травматикалық шок деген диогноз қойылған.

Нейрохирург Ербол Кенжеваловтың тексеруінен соң баланың басына шұғыл түрде (бас сүейкке декомпрессионналды трепанация жасау, эпидуралды қанды ісікті алып тастау) ота жасалды.

Ота бір жарым сағатқа созылған. Қазіргі таңда баланың жағдайы бір қалыпты.

Баланың әжесі немересінің футбол қақапасының құлауы нәтижесінде жарақат алған айтып отыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?