Жаңалықтар тізбегі
0

Ереуіл басталды. Алматылықтар үйлерінің жанынан жаңа зират салуға қарсы

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 00:04 YouTube
Жергілікті тұрғындар бейіттің құрылысы бітсе, тереземізден жерленгендердің "көктасына" қарап қалмаймыз ба деп қорқады.

Алматыда адам жерлеуге арналған жер тапшылығы тұрғындар наразылығын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Шаһардағы 70-тен астам зираттың барлығы толған. Қала билігі "Думан" ықшамауданы маңынан салттық қызметтер үшін 92 гектар жер бөліпті. Алайда жергілікті тұрғындар мазарлардың үйге жақын орналасатынынан қауіптенеді. Одан тыс мұнда жасыл желек оталып, қоршаған ортаға зиян келіп жатыр, дейді қараша халық.

- Қарсымыз бәріміз. Бір ауыздан. Алынсын мынау керек жоқ бізге. Алатын болсақ жұлып тастаймыз. Қазақ халқының жуастығы ма, момындығы ма? Мынаны әкеп мойнымызға іліп қойды.

Ашулы халық бірінші рет жиналып тұрған жоқ. Бұған дейін де бірнеше рет тиісті органдарға хат жазып, зиратқа арналған аумақты қоршауды тоқтатуды талап еткен. Өткен жылы ит тұмсығы өтпестей етіп қоршалған аумақта жасыл желек кесіліпті. Ал жергілікті билік мәселені қарастырамыз деп, уақытты созып отыр, дейді тұрғындар.

Клара Бекенова, тұрғын:

- Табиғат халыққа деген. Бала-шаға бар өсіп келе жатқан. Қашанғы біз иісті, шаңды топырақта отырамыз. Қазірдің өзінде шаңның үстінде отырмыз. Екі жылға кетті басымызға көтеріліп жатыр. Дышать нечем мұнда.

Нәзира Махамбетова, тұрғын:

- Елдімекеннің тау бөктерінде су бөгеттері салынған. Таудың оңтүстік беткейінен өзен орналасқан. Ол бізді сумен қамтып отыр. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Бұл бара-бара не болмақ?!

Тау мен қыратқа қарамай қоршалған темір жабындылар кейбір үйлердің маңынан өткен. Жергілікті тұрғындар бейіттің құрылысы бітсе, тереземізден жерленгендердің "көктасына" қарап қалмаймыз ба деп қорқады.

Мұхтар Тәжібаев, Жетісу ауданының әкімі:

- "Санитарный зона" деген бар. Ол жердегі 6-7 үй захваттар бар. Біз оған мән бермей айналып өттік. Сол себептен проект бойынша санитарный нормативке сәйкес барлығы салынды. 300 метрдей "санитарный зона" деген бар. Ол жерде адамдар жерленбейді.

Қалалық салттық қызмет көрсету орталығы тау бөктерін 25 жылға жалға алған. Шаһар аумағында адамдарды жерлейтін өзге жер телімдерінің барлығы толған. Кәсіпорынға қарасты 71 зираттың тек екеуінде ғана мәйіттер жерленеді. Сондықтан әкімдік "Думан" шағын ауданы жанындағы осы 92 гектар жерді бөліп берді, дейді салттық қызмет көрсету мамандары.

Марат Исмаилов, "Салттық қызмет көрсету орталығы" ЖШС директорының орынбасары:

- Біз облысқа бірнеше рет жер сұрап хат жазған болатынбыз. Соның ішінде қала аумағына жақын жерден екі ұсыныс болды. Олардың бірі Шамалған елді-мекені мен, Талғар ауданына қарасты "Қызыл ту" кенті. Алайда, ондағылар аталған жер бос еместігін айтты.

Тұрғындар қарсы болып отырған бұл аумаққа қазір жол салынып, электр жарығы тартылып қойған. Бірақ жерлеу рәсімдерінің мұнда қашан басталатыны белгісіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: