Жаңалықтар тізбегі
0

Арзанның сорпасы татымас. Құны төмен көлікке қызыққандар оңбай алданды

vgoroden.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2019 15:14 vgoroden.ru
Олар көңілінен шыққан темір тұлпардың сатылып кетпеуі үшін кепіл ақша беріп, соңында бармағын шайнап қалды.

Алматыда ғаламтор арқылы арзан автокөліктердің иесі болуға асыққан тұрғындар алаяқтардың тұзағына ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Олар көңілінен шыққан темір тұлпардың сатылып кетпеуі үшін кепіл ақша беріп, соңында бармағын шайнап қалды. Бұған дейін мұндай жағдайға тап болып көрмеген жүргізушілер, арзан бағадағы автокөліктердің артында алаяқтар отырғанын айтып дабыл қағуда.

Игорь Очкасов ғаламтор арқылы келіскен автокөлігі үшін 170 шақырым жол жүріп барыпты. Темір тұлпар Алматы облысының Бақбақты елді мекенінде тұр дегенді естігеннен кейін бірден жолға шыққан. Алайда, тағы бір сатып алушының келе жатқанын айтқан көлік иесі, алдын ала кепіл ақша салып жіберуді талап еткен. Ғаламтордағы суреттері жылтырап тұрғандықтан, айырылып қалмас үшін ойланбастан айтқан сомасын телефон нөмірі арқылы аударыпты.

Игорь Очкасов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен оған ақша аудармас бұрын бірден жолға шыға аламын дедім. Көлік иесі ешқандай қиындықтың жоқ екенін айтып, алдын ала кепіл ақша төлеуімді өтінді. Ұзақ уақыттан бері іздегендіктен, айтқан сомасын автоматты түрде аударып жібердім.

Алданғанын сезген Очкасов қолында қалған көліктің суретін ғаламторға жүктеп, өзі іздей бастайды. Сол уақытта, оның ресейлік базарда сатылымда тұрғанын анықтаған. Тек бағананың орнына еліміздің туын алмастырып, мемлекеттік нөмірін жасырыпты. Бұдан бөлек, тағы бір тұрғын дәл осындай жағдайға тап болған. Ал, полиция департаментінің өкілі, істі бақылауға аламыз дейді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш азаматтың арыз-шағымы қазіргі таңда ішкі-істер департаментінің басшылығымен қарастырылып, тиісті құзырлы басқармаларға яғни тергеу басқармасына тергеу амалдарын жүргізуге нұсқаулық берілетін болады. Егер қылмыс орын алған жағдай да міндетті түрде қылмыстық заңнамаға сәйкес шаралар қолданылып, кінәлі азаматтар айқындалатын болады.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары темір тұлпар іздеген тұрғындарды абай болуға шақырады. Толықтай тексеріп қана кепіл ақшаны қолына ұстату керек дейді. Себебі ғаламтордағы көздің жауын алатын суреттері мен өз құнынан арзан бағада көрсетілген көліктер, көбіне алаяқтардың тағы бір тұзағы болып шығуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: