Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл 1-ші сыныпқа балалар қалай қабылданады

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2019 23:23 astana.gov.kz
Құжат тапсыру үшін мекенжай анықтамасы қажет емес.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин балаларды 1-ші сыныпқа қабылдауға байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Соңғы күндері балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша сұрақтар келіп түсуде, жиі кездесетіндеріне төменде түсінік берілді", - деп жазды Әнуар Жанғозин Facebook парақшасында.

Біріншіден, құжаттарды тек баланың ата-анасы немесе заңды тұлғалары тапсырады. Сондықтан, мектептер өтінішті басқа өкілдерден (ата-әжесі, апасы, ағасы және т.б.) қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Екіншіден, қазіргі таңда 1-сыныпқа құжат қабылдау Стандартқа сәйкес барлық жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылуда, қабылдау комиссиясы жұмыс күндері таңғы сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас. 10 маусымнан бастап құжаттарды электронды жүйе арқылы тапсыру мүмкіндігі пайда болады.

Үшіншіден, шағын аудандар бойынша тіркеу жасалынбайды. Құжат тапсыру үшін мекенжай анықтамасы қажет емес. Сонымен қатар, электронды жүйе сіздің мекенжайға ең жақын мектепті автоматты түрде анықтайтынын xабарлайды, ата-ананың қалауынша құжатты сол мектепке немесе басқа мектепке тапсыру мүмкіндігі беріледі. Қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес, ең бірінші кезекте білім беру ұйымдарына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, содан кейін, бос орын болған жағдайда, ата-аналардың қалауы бойынша өтініштер қабылданатынын назарларыңызға салады. Бұл шара кейбір астаналық мектептердің тығыздылығы бойынша жағдайын қадағалау мақсатында жасалынған.

Төртіншіден, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі қажет:

1) ата-ананың немесе заңды өкілдерінің тарапынан жазылған өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама №063/у нысан;

4) денсаулық жағдайы туралы анықтама 026/у-3 нысан;

5) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: