Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бұл сайлаудың соңы түсінікті шығар

Қаласақ, Қазақстанда ондай күн де туады.

Сурет : PxHere5 Маусым 2019, 14:59

Сайлаудан кейін. Ұлықтау рәсімдері дүркіреп өтер, плакат ұстаған тағы бір-екеу 15 тәулікке қамалар. Тағы бірдеңелер болады, бірақ оның бәрі өтіп, артта қалады, деп басталатын жазбасын facebook-те экономист Айдан Кәрібжанов шығарып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жазбасында ары қалай былай делінеді:

"Бәлкім, ертесінде күн сайын ары-бері ұшудан шаршаған жаңа президент қаржы министрі мен әлеуметтік қорғау министрін шақыртып алар. Шаршаулы күйде креслосының арқасына сүйеніп, ақырын, бірақ қатқылдау үнмен: "Бюджетте бұған ақша көзделмегенін білемін, бірақ көпбалалы аналарға көмек жасайтын резервтер тапсақ қайтеді? Керек болса, бұйрыққа бүгін қол қоямын", дейді.

Сосын жаңа президент Алматыға келеді. Әкім мен энергетика министрімен сөйлесіп, ТЭЦ проблемасын шешуді ақылдасса. Қасында ешқандай пресса, блогерлер жоқ. Тек инженерлер мен кәсіби экологтер. Бес сағаттай дауласып, шешімін таппаса. Бір аптадан кейін Астанада жиналып тағы талқылайық деп келіссе. Вторник, 9.15-те. Жұма күні нақты шешім қабылданса.

Кешке президент пиджагі мен галстугін шешіп, кофе ішуге кофейняға келсе. Тура сол жерде "оянғандарды" көріп қалса. Алдымен талантты актрисаға бір комплимент жіберіп, сосын жас ғалымға бір ауыз жылы сөз айтса. Не заказ берейін деп сұраса. Өзі барып заказ бергісі келіп тұр, бірақ осы жолы күзетшіні жұмсай салады. Кафеде жастармен ұзақ отырып, өз жатағына тағы да кеш оралады. Әлгілермен қосылып селфи жасайды".

"Әрине, бұл фантазия ғой, бірақ шындықтан соншалық алыс та емес. Қаласақ, Қазақстанда ондай күн де туады", дейді Кәрібжанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер