Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сағадиевтің сойқаны Шәмшидинованы шайқата ма

Былыққа батқандардың дені Сағадиевтің командасында болғандар.

Сурет : kursiv.kz6 Маусым 2019, 16:56

БҒМ орынбасары Эльмира Суханбердиеваның 2 айға тұтқындалуына қатысты пікірлерді оқып отырып, "Басшысы орнынан кетсін, президент айтқан", дегенді бірнеше жерден байқадым. Бірақ былыққа батқандардың дені Сағадиевтің командасында болғандар, деп жазады желіде журналист Серік Әбікенұлы.

– Өткенде ҰБТО қызметкерлеріне қатысты шу шыққанда да кей азаматтар осылай деп еді. Күләш Шәмшидинованың жазығы не? – деген ой келді. Былыққа батқандардың дені Сағадиевтің командасында болғандар. Жаңа министр келгелі солардың "қылығы" су бетіне шыға бастады, енді "Оқулық" орталығының "ойынын" тоқтатса?! Ол, тіптен, әріден келе жатыр... "Үш тіл!" деп ұрандағанда өңеші үзіліп кете жаздаған Сағадиевтің 13 мың мүғалімді ағылшынша сайратам деп шашқан миллиардтары ше? 2018-2020 жылға деп осы үштілділікке 19 млрд теңге бөлдіріпті, онысын тағы Күләш Шәмшидинова тоқтатты. Шатпақ оқулықтарды сараптамаға жібертті. Осы істеріне қарап "білім саласына бірдеңе білетін адам келді-ау" деп едім, – деп жазады ол.

Енді Күләш ханым да жаманатты болмақ. Өзгелер жұқтырған күйе көпке дейін кетпейді.

– "Тоқаев айтқан, тайып тұрсын" деген қаншалықты дұрыс болар екен. Бұрынғы былыққа бұрынғы басшы жауап беруі керек емес пе? "Сағадиевтің сойқаны Шәмшидинованы шайқады" деп солай шеше салса, Күләш ханым да жаманатты болмақ. Өзгелер жұқтырған күйе көпке дейін кетпейді. Ең бастысы, білім мен ғылым саласына тағы бір беймәлім басшы келе қалып, лаңдауы мүмкін. Отыз жыл болды ғой бала тағдырымен ойнап жүргендеріне, – деп түйіндейді ол пікірін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер