Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтауда тәнін саудаға салған екі студент қыз ұсталды

"Стоп-Трафик" жедел-алдын алу шарасы 28-30 мамыр аралығында өткізілді.

Сурет : almaty.tv7 Маусым 2019, 10:08

"Стоп-Трафик" арнайы операциясы барысында Өзбекстанның 11 азаматшасы арнайы қабылдау мекемесіне орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz "Алматы" телеарнасына сілетеме жасап.

Сондай-ақ, оларға ҚР заңнамасын бұзғаны үшін облыс аумағынан шығарылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

"Стоп-Трафик" жедел-алдын алу шарасы 28-30 мамыр аралығында өткізілді. Осы күндер аралығында полицейлер қаладағы барлық монша кешендері мен жалдамалы пәтерлерді тексерді. Операция барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық") бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 449-бабы ("Қоғамдық орындарда тиісу") бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. 32 жезөкше мен екі жеңгетай есепке алынды.

Айта кетейік, 2015 жылы Қазақстанның Әкімшілік кодексінде қоғамдық орындарда ұстау үшін жауапкершілік белгіленген. Бұл норма өз қызметтерін ұсынып отырған жезөкшелерге де, олардан қандай да бір "тауар" сатып алған адамдарға да қатысты да қолданылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер